Қордай: Аудан бас имамы «Ал-Хади» мешітін зерделеді

Қордай: Аудан бас имамы «Ал-Хади» мешітін зерделеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран Каримде: «Шүбәсіз, мешіттер – бір Аллаға тән. Ендеше, Алладан өзге ешкімге әрі ешнәрсеге дұға етіп, жалбарынбаңдар». Жер бетіндегі барлық мешіттер – тек Аллаға ғибадат жасалатын қасиетті орындар. Онда Жаратушыдан өзге ешкімге құлшылық жасалмайды. Алла Тағала Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және барша мұсылмандарға шынайы ықыласпен, таза ниетпен тек Өзіне ғана жалбарынуды бұйырған.

Мешіт – таухидтің, яғни бір Аллаға сенімнің орталығы. Сондықтан мұндай қасиетті орындардың мұсылмандар үшін жайлы, жылы, көркем, қауіпсіз әрі таза болуы аса маңызды. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Абдразахов Қарасу ауылына іссапармен барып, «Ал-Хади» мешітін зиярат етіп, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мешіт имамы Русланбек Сағынұлы бас имамды мешіттің және асхананың жағдайымен таныстырды. Жүргізілген тексеріс нәтижесі көңілден шығып, аудан бас имамы ризашылығын білдірді. Алланың үйлері әрдайым таза, көркем әрі жамағатқа жайлы бола берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: