Ислам діні адамзатты ең алдымен Алла Тағалаға иман келтіруге, одан кейін сол иман негізінде игі амалдар жасауға үндейді. Қасиетті Құран аяттарында иман мен ізгі амал қатар айтылып, олардың бір-бірінен ажырамас ұғым екені ерекше баяндалады.
Еңбек етудің, табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде атап өткен. Солардың бірінде: «Кімнің қолында бір ағаштың көшеті болса, Қиямет басталып кетсе де, мүмкіндігі болса, оны дереу отырғызсын», – деп өсиет еткен. Осы игі хадисті негізге ала отырып, Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Ал-Хафиз» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Мешіт аумағына қарағай ағаштары отырғызылып, айнала көркейтілді. Сүннетке сай амал етіп, ағаш отырғызу ісін қолға алған жандардың бұл бастамасы – сауапты әрі берекелі іс. Алла Тағала баршамызды разы болатын амалдардан етіп, игі істерімізге береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Сәуір 2026
27 Шавваль 1447

