Құран Кәрімде және хадистерде мұсылмандардың құлшылық жасайтын мекені, пенде мен Раббысының арасындағы байланысты нығайтатын қасиетті орын – мешіт екені айтылған. «Мешіт» деп аталуының да өзіндік мәні бар.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құлдың Раббысына ең жақын сәті – сәжде жасаған кезі» деген. Демек, мешіт – пендені Жаратушысына жақындататын қасиетті мекен. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Қарасу ауылына іссапармен барып, «Абубакр» мешітін зиярат етті.
Алла үйінің жалпы жағдайымен танысып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, мешіттегі бейнебақылау камераларының жұмыс істеуі, кітап қоры, сондай-ақ мешіт пен әжетхананың тазалығы мұқият қаралды. Сонымен қатар жамағатқа жасалған жағдайлар да назардан тыс қалмады. Алла Тағала баршамыздың ізгі амалдарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Сәуір 2026
27 Шавваль 1447

