Мойынқұм аудандық мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағаты өтті. Шараны ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай жүргізіп, жиналған көпшілікке маңызды діни-танымдық тақырыпта насихат айтты.
Пәтуа сағатының негізгі тақырыбы – «Еңбек етудің маңызы мен адал кәсіп етудің үкімі» болды. Имам өз сөзінде адал еңбектің адам өміріндегі орнына тоқталып, ризықтың берекелі болуы үшін кәсіптің халал болуы аса маңызды екенін жеткізді.
Аталған кездесу «Ислам және адал қоғам жылы» аясында ұйымдастырылып, жамағатқа адалдық, жауапкершілік және еңбекқорлық құндылықтарын кеңінен түсіндіруге бағытталды.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


28 Наурыз 2026
9 Шавваль 1447

