Бурыл ауылында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында дәстүрге сай асық ату мен ләңгі тебуден сайыс ұйымдастырылды. Тағылымды шараға ауыл жастары мен тұрғындары белсене қатысып, ата-бабадан мұра болып қалған ұлттық ойындардың маңызын кеңінен насихаттады. Сайыс барысында қатысушылар асық ату мен ләңгі тебуден өзара бақ сынасып, ептілік пен мергендіктерін көрсетті. Әсіресе, жастардың белсенділігі мен қызығушылығы ұлттық ойындарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартты.
Шара барысында қатысушыларға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары жастарға ақ баталарын беріп, игі тілектерін жеткізді.



28 Наурыз 2026
9 Шавваль 1447

