Бурыл ауылында жастарға арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылып, ауыл имамы Тілеуқұлов Қанат Тұмарбекұлы жас буынға тағылымды насихат айтты. Басқосу барысында имам жастарды имандылыққа, ізгілікке және адамгершілік құндылықтарды берік ұстануға шақырды. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы жастар тәрбиесі, ата-анаға құрмет, адал еңбек пен жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден аулақ болып, уақытты тиімді пайдалану, білімге ұмтылу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Имам өз сөзінде Ислам дінінің жастарға берер тәрбиелік маңызына тоқталып, әрбір жас өз өмірін дұрыс бағытта қалыптастыруы керектігін жеткізді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты.



28 Наурыз 2026
9 Шавваль 1447

