Алла елшісі Мұхаммед пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі арқылы мұсылмандарды тазалыққа ерекше мән беруге шақырған.
Мұсылман үшін ең абзал құлшылық – намаз екені белгілі. Ал намаздың дұрыс қабыл болуы үшін адамның денесі, киімі және намаз оқитын орны нәжістен таза болуы шарт. Осы үшеудің бірі таза болмаса, намаз толыққанды орындалды деп есептелмейді. Сондықтан тазалық – мұсылман өміріндегі маңызды амалдардың бірі.
Қазақ халқы да «Бірінші байлық – денсаулық» деп, тазалық пен саулықтың тығыз байланысты екенін терең түсінген. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген нақыл сөз де осының дәлелі. Осы орайда Қордай ауданына қарасты Қақпатас ауылындағы «Қақпатас» мешітінің имамы Жармахамбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен мешіт маңы тазартылып, ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Баршамыздың игі амалдарымыз қабыл болсын! Алланың жер бетіндегі үйлері көркейіп, жайқала берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


28 Наурыз 2026
9 Шавваль 1447

