Қордай: «Айттық – бізден» атты мерекелік шара өтті

Қордай: «Айттық – бізден» атты мерекелік шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт – барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі. Сондықтан бұл қуанышты күнді еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сезінуі тиіс. Айт күндері сыйлықтар таратып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастыру – сауапты әрі игі амалдардың бірі. Жүзден астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан елімізде әрбір азамат осы мерекенің шапағатын сезінуі маңызды.

Ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту мақсатында айт мейрамында құттықтаулар айтылып, ақ дастархан жайылады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» – деген хадисі халқымыздың салт-дәстүрімен үндесіп жатыр. Қазақ даласында қонақкәде, сүйінші, байғазы сынды адамдарды жақындастыратын игі дәстүрлер көп. Солардың бірі – айттық беру. Айт мерекесінде айттық сұраған жанды қазақ ешқашан құр қайтармай, қолда барын ұсынып, ықылас танытқан. Бұл дәстүр уақыт өте келе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әсіресе балалар үшін айттың ерекше бір қуанышты көрінісіне айналды.

Осы игі дәстүрді жаңғырту мақсатында Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Ораза айт күні балаларға арналған «Айттық – бізден» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Айттан айтқа аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: