Айт – адамдарды қуанышқа бөлеп, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін ұлық мереке. Қазақ халқының дәстүрінде айт күндері балалар айттық сұрап, үлкендер оларды қуанышқа кенелтеді. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, ақ дастархан жайып, туыстық қарым-қатынасты нығайтады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айт күндері адамдарды бір-біріне сәлем беруге, жақсылық жасауға және туыстық байланысты күшейтуге шақырған. Өйткені айт – тек мерекелік көңіл күй ғана емес, адамдардың жүрегін жақындастырып, қоғамдағы татулық пен бірлікті арттыратын ерекше күн. Осыған орай, Қордай ауданының әжелері Ораза айт күні ақ дастархан жайып, наурыз көжесін әзірлеп, тағылымы мол басқосу өткізді. Дастархан басында Құран оқылып, құттықтау сөздер айтылып, насихаттар мен алғыс тілектер білдірілді.
Берекелі басқосу көпшілікке рухани қуат сыйлап, игі ниеттердің жалғасына айналды. Ізгі ниеттер мен амалдар қабыл болғай!
Аудандық «Қордай» мешітібаспасөз қызметі



28 Наурыз 2026
9 Шавваль 1447

