Қордай: «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» тақырыбында семинар өтті

Қордай: «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» тақырыбында семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) меңзеген нағыз жиһад – адамның өз нәпсісімен күресі. Яғни қызғаныш, тәкәппарлық, көреалмаушылық сияқты жаман қасиеттерден арылып, тілі мен іс-әрекетін тәрбиелеу.

Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) сахабаларымен бірге жорықтан оралғанда: «Біз кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», – деген. Сонда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ, үлкен жиһад деген не?» – деп сұрағанда, Ол: «Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп жауап берген. Осы орайда Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Рысбекұлы ТЖМ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Басқосу барысында «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, қоғам үшін өзекті мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, дін атын жамылған теріс ағымдардың алдын алу. Әлемде тыныштық пен Алланың амандығы болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: