Меркі: Пітір садақасы таратылды

Меркі: Пітір садақасы таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пітір садақасы — ислам дініндегі маңызды амалдардың бірі. Ол Ораза айт мерекесінің қарсаңында беріледі. Пітір садақасының басты мақсаты — қоғамдағы мұқтаж жандарға көмек көрсету және барша мұсылмандардың айт күнін қуанышпен қарсы алуына жағдай жасау.

Осы орайда “Достық” мешітінің имамы Пирназаров Бауыржан жамағаттан жиналған пітір садақаны мұқтаж 10 отбасыға табыстады. Әр отбасыға қаржылай және азық-түлік үлестіріліп берілді

Пітір садақасын таратудың ең дұрыс уақыты — айт намазына дейінгі мезгіл. Себебі дәл осы уақытта берілген садақа мұқтаж жандарға айт күні қажеттерін өтеуге мүмкіндік береді. Егер ол айт намазынан кейін берілсе, онда пітір садақасы емес, жай садақа ретінде есептеледі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: