Меркі: Айт мейрамында балаларға айттық таратылды!

Меркі: Айт мейрамында балаларға айттық таратылды!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт – мұсылман жұртшылығы асыға күтетін, мейірім мен кешірімге толы ұлық мереке. Бұл күні адамдар айт намазына жиналып, бір-біріне ақ тілектерін арнап, жақсылық жасауға ұмтылады. Әсіресе, балалар үшін Айттың орны ерекше. Олар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, тәттілер мен сыйлықтарға кенеледі.

Осы қасиетті мерекеде Қостоған ауылының имамы Омаралиев Қуанышбайдың ұйытқы болуымен ауыл жастарының демеушілігімен “Ботбай баба” мешітіне  айт намазына келген 50 балаға айттық тәттілер таратылды.

Игі шара барысында балаларға түрлі тәттілер ұсынылып, олардың жүздеріне шаттық ұялады. Әрбір бала бұл сыйлықты ерекше қуанышпен қабыл алып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Мұндай игі істер – ұрпақ жүрегіне мейірім мен ізгілікті сіңірудің бір жолы. Балаларға қуаныш сыйлау арқылы қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтары нығая түседі. Айт күні жасалған әрбір жақсылық – сауапты іс екені белгілі.

Алла Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етіп, әрбір үйге береке мен қуаныш нәсіп етсін! Айт мерекесі құтты болсын

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: