Айт – мейірім мен ізгіліктің, қуаныш пен бірліктің мерекесі. Бұл күндері адамдар бір-біріне жақсылық жасап, айналасына шаттық сыйлауға тырысады. Әсіресе, балаларға көңіл бөлу – Айттың көркем дәстүрлерінің бірі.
Осы айтулы мерекенің құрметіне Талдыбұлақ ауылы “Шәкір ата” мешітінің имамы Жабыкбайев Еркебұланның бастамасымен балабақшадағы бүлдіршіндерге тәттілер таратылды. Шара барысында кішкентайлар ерекше қуанышқа бөленіп, мерекелік көңіл-күйді сезінді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі


15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

