Шу: Жамағатқа айттық дастархан жайылды

Шу: Жамағатқа айттық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданындағы “Кәрібай молда” мешітінде Айт мерекесінің нұрына бөленген айттық дастархан жайылды. Бұл игі шараны мешіттің әйел-қыздар секторының ұстазы Ғалия Байториева ұйымдастырып, жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Дастархан басында ақжарма тілектер айтылып, бір-біріне хадия сыйлап жүректерге жылу ұялатқан ізгі сөздер өрбіді. Әйел жамағаты бірлік пен берекені дәріптеп, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, Айттың шынайы рухын сезіндірді. Мейірім мен татулыққа толы бұл басқосу – рухани жаңғырудың жарқын көрінісіне айналып, көпшіліктің көңілінде ерекше әсер қалдырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: