Қазақ халқында бата – құны жоғары, киелі сөз. «Үйінде атасы бардың берер батасы бар» деген нақыл сөз халықтың үлкенге деген құрметін, батаның мән-маңызын айқын көрсетеді. Бата – қариялардың ақ тілегі, өмірлік тәжірибеден туған өсиеті мен ризалық сезімінің көрінісі.
Айт мерекесі күні мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, көпшілікке құрмет көрсетілді. Жиын барысында аудан ақсақалдары бата беріп, ақжарма тілектерін жеткізді. Ақсақалдардың ақ батасы жамағатқа рухани күш беріп, мерекенің мәнін арттыра түсті.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


27 Наурыз 2026
8 Шавваль 1447

