Қордай: Айтқа дастархан жайылды

Қордай: Айтқа дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сүннет бойынша мұсылман адам Айт намазына шығар алдында құрмадан ауыз тиюі керек. Бұл – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оразаның аяқталып, айт күндерінің басталғанын білдіретін амалдарының бірі. Осы игі дәстүрді негізге алған Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа арнайы айттық дастархан жайылды.

Айт намазына жиналған көпшілік сүннетке амал етіп, дастарханнан дәм ауыз тиіп, бір-біріне ақжарма тілектерін жеткізді. Мерекелік дастархан жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, айттың рухани мәнін арттыра түсті. Ниеттеріміз қабыл, айтымыз берекелі болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: