Қордай: Ерекше балаларды оңалту және бейімдеу орталығы айт мерекесімен құттықталды

Қордай: Ерекше балаларды оңалту және бейімдеу орталығы айт мерекесімен құттықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» деген хадиске негізделген қазақ халқының дәстүрінде адамдар арасындағы бауырмалдық пен жақындықты арттыратын игі амалдар көп.

Соның бірі – айттық беру дәстүрі. Айт күндері құттықтап келген жанға сый-сияпат көрсету – халқымыздың кеңпейілділігі мен мейірімінің айқын көрінісі. Бұл игі дәстүр ғасырлар бойы жалғасып, әсіресе бүлдіршіндер үшін айт мерекесінің ерекше қуанышқа толы сәтіне айналды. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы «Ерекше балаларды оңалту және бейімдеу орталығына» арнайы барып, тәрбиеленушілерді айт мерекесімен құттықтады.

Оларға айттық сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар, балаларға зор денсаулық тілеп, жасалып жатқан игі амалдардың қабыл болуын тіледі. Мұндай қайырымдылық шаралар қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттырып, мерекенің мән-маңызын тереңдете түседі.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: