Қордай: «Рахман» мешітінде Айт намазы оқылды

Қордай: «Рахман» мешітінде Айт намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Айт күні ең алдымен орындайтынымыз – намаз оқу», – деп өсиет еткен. Айт намазы дінімізде уәжіп амал болғандықтан, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны өмірінде бір рет те қалдырмай орындаған. Ислам діні кез келген мерекені ғибадатпен бастауды құптайды. Сондықтан айт мейрамы да арнайы құлшылықпен басталады.

Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылына қарасты «Рахман» мешітінде жамағатпен Айт намазы оқылды. Мешіт имамы Кеулимжаев Нұрмұхамедтің жүргізуімен жиналған көпшілікке уағыз-насихат айтылып, айт мерекесімен құттықтау лебіздері жеткізілді. Жамағат бір-біріне ізгі тілектерін арнап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады. Баршамыздың айтымыз мүбәрак болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: