Қордай: Айт намазынан соң жамағат ұлттық спорт ойындарына қатысып, жүлделі болды

Қордай: Айт намазынан соң жамағат ұлттық спорт ойындарына қатысып, жүлделі болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт намазынан кейін мұсылмандар бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіреді. Ренжіскен жандар татуласып, ағайын-туыс, дос-жаран бір-бірінен кешірім сұрап, қайта табысады. Ал әйелдер қауымы дастархан жайып, айттық шай әзірлеп, келген қонақтарға құрмет көрсетеді.

Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп, дәм ауыз тиіп, ақжарма тілектерін жеткізеді. Осы игі дәстүр жалғасын тауып, Қордай ауданы, Қордай ауылына қарасты «Рахман» мешітінде Айт намазынан кейін ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Жамағат белсенді қатысып, түрлі ойындарда бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын иелеріне сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларға алғыс айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Баршамыздың айтымыз құтты болсын! Айт мүбәрак болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: