Ислам шариғаты бойынша жаңа туған сәбиге азан шақырып, ат қою – сүннет амалдардың бірі. Бұл – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құп көріп, өзі де орындаған игі дәстүрлерінің бірі. Шариғатқа сай нәрестенің оң құлағына азан, ал сол құлағына қамат айтылады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатима анамыз Әлиұлы Хасанды босанған кезде оның құлағына азан айтқандығы баяндалады. Сондай-ақ, кей хадистерде сәбидің құлағына азан мен қамат айтудың оның амандығына себеп болатыны айтылған. Осыған орай Қордай ауданының, аудандық «Қордай» мешітінде жаңа туған сәбиге азан шақырылып, есімі қойылды.
Жиналған жамағат нәрестеге ақ тілектерін арнап, оның иманды, елге пайдалы азамат болып өсуіне дұға жасады. Алла Тағала бөпемізді Өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

