Қордай: Айттау рәсімі жасалды

Қордай: Айттау рәсімі жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт күні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Ей, адамдар! Бұл күні сәлем жайыңдар, тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты нығайтыңдар және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, сонда жәннатқа аман-есен кіресіңдер», – деп өсиет еткен.

Сол секілді айт күндері бауырларды зиярат ету, бір-біріне ізгі тілектер арнау – мұсылманды үлкен сауапқа кенелтетін игі амалдардың бірі. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Арал ауылы тұрғындарымен кездесіп, ақ дастарқан басында жиналған жамағатты Айт мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында амандық пен жақсылық тілеп, тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар, барша жамағатқа саулық, пайдалы білім және қабыл болатын дұға тілеп, елдің тыныштығы мен бірлігін нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Айт мерекесі баршамызға береке мен бірлік әкелсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: