Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдулла ибн Амрдан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте адамдардың ең жақсысы туралы сұралғанда: «Жүрегі пәк, тілі шыншыл адам» деп жауап берген.
Сахаба: «Тілі шыншыл екені түсінікті, ал жүрегі пәк дегенді қалай түсінеміз?» – дегенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Жүрегі пәк дегеніміз – тақуа, таза, ыза мен көре алмаушылықтан ада адам», – деп түсіндірген. Осы тағылымды хадис аясында Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы айт мерекесі күні мешіт жамағатымен ақ дастарқан басында бас қосып, бір-бірін мерекемен құттықтады.
Айт күні мұсылмандардың бір-біріне зиярат жасап, ізгі тілектер айтуы – құптарлық амалдардың бірі. Кездесу барысында жамағатқа амандық, бірлік пен береке тілеп, рухани насихат айтылды. Баршамыздың айтымыз берекелі, оразамыз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

