Қордай: Аудан бас имамы «Арал» мешітін зерделеді

Қордай: Аудан бас имамы «Арал» мешітін зерделеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт күндері дос-жаранды, ағайын-туысты зиярат ету – сауапты әрі сағынышты арттыратын игі амалдардың бірі. «Зиярат» ұғымы қазақ тілінде қал-жағдай сұрау, арнайы барып көріп қайту деген мағыналарды білдіреді.

Мұндай амал адамдар арасындағы байланысты нығайтып, өзара сүйіспеншілікті арттыра түседі. Осы орайда Айт мейрамы қарсаңында Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Арал ауылындағы «Арал» мешітінде болып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Сапар барысында мешіттің ішкі және сыртқы жағдайымен танысып, кітап қорын қарап, жалпы қызмет барысына қанықты. Жүргізілген жұмыстар мешіт қызметін жетілдіруге және жамағатқа көрсетілетін діни қызмет сапасын арттыруға бағытталды. Баршамыздың амалдарымыз бен дұға-тілектеріміз қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: