Қордай: Пітір садақасы үлестірілді

Қордай: Пітір садақасы үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пітір садақасы туралы исламдағы дерек, тағылымдары ақтаратын болсақ оның маңыздылығының жоғары екендігін байқаймыз. Рамазан айында әр мұсылман баласы үшін пітір садақасын беру - әрбір мұсылман ер мен әйелге – уәжіп.

Пітір садақасын  беру Хижреттің екінші жылы Рамазан оразасы парыз етілген жылы мұсылмандарға міндеттелген. Аббастан (оған Алла разы болсын) былай деп риуаят етеді: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) пітір садақаны: адамның оразасы кезіндегі қателіктерінен тазаруы және міскіндерге тағам ретінде көмек болуы үшін міндеттеген». Демек, пітір садақасы адамды қателіктерінен арылтады.

Осы орайда Қордай ауданы, Кенен ауылы «Кенен» мешітінің имамы Саят Рахимовтың ұйымдастыруымен, мұқтаж отбасыларға пітір садақасы таратылды. Оразамыз қабыл, иманымыз кәміл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: