Қазақ халқында бағзы заманнан айт күндері қырық немесе жетпіс үйге айттап кіріп шығу дәстүрі бар. Әрине, шариғатта мұндай нақты сан міндеттелмейді. Бұл – халқымыздың кең пейілі мен қонақжайлығынан туындаған ізгі амалдардың бірі.
Жалпы, отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа тәрбиелесе, айт күнгі қуаныш күйбең тіршіліктегі өкпе-назды ұмыттырып, бауырмалдықты арттыра түседі. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қарттар үйіне арнайы барып, қариялардың хал-жағдайын сұрап, айт мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, оларға айттық сый-сияпаттар табысталып, ақжарма тілектер айтылды. Ізгі шара барысында үлкендерге құрмет көрсетіліп, олардың батасы алынды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

