Қордай: Айт намазда уағыз айтылды

Қордай: Айт намазда уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Анастан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде, олардың екі мерекесі болатын. Пайғамбарымыз: «Бұл қандай күндер?» – деп сұрағанда, олар: «Жаһилия дәуірінде бұл күндерді ойын-күлкімен өткізетін едік», – деді.

Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала осы екі күнді олардан да жақсы Құрбан айт пен Ораза айт мерекелерімен алмастырды», – деген. Осы мазмұндағы тағылымды хадис аясында Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Айт намазына жиналған жамағатқа сүбелі уағыз-насихат айтты.

Ол өз сөзінде айт мерекесінің маңыздылығына тоқталып, мұсылмандарды бірлікке, бауырмалдыққа және ізгі амалдарға шақырды. Жиналған жамағатқа ақжарма тілектер айтылып, баршаның дұға-тілектерінің қабыл болуын тілеп, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасалды. Айттарымыз берекелі, мерекеміз мерейлі болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: