Айт – ғаламдық деңгейде мәртебесі биік, барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Бұл – отыз күн оразадан кейінгі алғашқы күні, мұсылмандардың рухани қуанышқа бөленіп, құлшылықтан кейін бір сәт тынығып, Алланың сансыз нығметтеріне шүкіршілік ететін ерекше кезеңі.
Осынау ұлық мереке Ұлы дала төсінде ежелден жоғары бағаланып, ұлттық дәстүрмен сабақтасып, кең көлемде аталып өтіп келеді. Осы орайда Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешітінде Айт мерекесіне орай ұлттық және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тартыс, садақ ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру және қол күрес секілді жарыстар өтті.
Әр спорт түрі бойынша жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Бұл шара жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

