Қордай: Жас балаларға айттық сыйлықтар таратылды

Қордай: Жас балаларға айттық сыйлықтар таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт – барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мереке. Сондықтан бұл қуанышты күнді еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін әрбір жан сезінуі тиіс. Айт күндері сыйлықтар таратып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастыру – сауапты әрі ізгі амалдардың бірі.

Көпұлтты елімізде өмір сүріп жатқан әрбір азамат осы мейрамның жылуын сезініп, қуанышқа бөленуі маңызды. Осы орайда Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешітінде жас балаларға арнайы айттық сыйлықтар таратылып, олардың көңілін көтеруге бағытталған шара ұйымдастырылды.

Балғындардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – мерекенің шынайы көрінісі болды. Аталған игі іс – мұсылман мейрамының мән-маңызын жас ұрпақтың жүрегіне сіңіруге бағытталған тәрбиелік шаралардың бірі.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: