Рамазан – жыл сайын қайта оралып, мұсылман баласына рухани жаңғыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік беретін қасиетті ай. Бұл – пенденің сабырын сынап, нәпсісін тыя білетін ерекше кезең. Ораза ұстаған жамағат ала таңнан ақшамға дейін ішіп-жеуден тыйылып қана қоймай, ашу-ызаға бой алдырмай, сабырлық пен жұмсақтық танытады. Сондай-ақ, харамнан сақтанып, тілін жаман сөзден, көзін сұқтанудан қорғайды. Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешіті ұжымы қасиетті айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, игі істері үшін алғысқа бөленді.
Жиында Алла жолындағы қызметтің мәртебесі жоғары екені, сонымен қатар үлкен күш-жігерді талап ететіні ерекше атап өтілді. Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жиналған барша ұжымға шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сонымен қатар, ел ішінде ауызбіршілік нығайып, жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын деген тілегін жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

