Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттері арасында қасиетті Рамазан айында «Қадір түні: әйелдің ғибадаты» тақырыбында уағыз- насихат ұйымдастырды.
Уағыз- насихат барысында Қадір түнінің маңызы мен артықшылықтары кеңінен түсіндіріліп, әйелдердің бұл түндегі құлшылықтарының сауабы мен мәні ерекше атап өтті. Сонымен қатар, әйел адамның отбасы мен қоғамдағы рөлі, сабыр, ықылас және шынайы ниетпен жасалған ғибадаттың маңыздылығы туралы насихат айтты. Қорытындылай келе қатысушыларға дұға, намаз, Құран оқу секілді игі амалдарды көбейту жөнінде кеңестер берілді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

