ЖАМБЫЛ: ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАДІРІ

ЖАМБЫЛ: ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАДІРІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев жамағатқа мешітте арнайы "Қадір түнінің қадір- қасиеті" жайлы уағыз - насихат жүргізді. Уағыз барысында бұл қасиетті түннің мың айдан да қайырлы екені кеңінен түсіндірілді. Бас имам Қадір түнінде жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселеп жазылатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл түні Алладан кешірім сұрап, шынайы тәубеге келудің маңыздылығы насихатталды.

Жамағатқа Құран оқып, дұға жасап, түнді құлшылықпен өткізуге шақырды. Сондай-ақ, жүректі жаман қасиеттерден тазартып, рухани жаңғыруға ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды. Уағыз соңында барша мұсылман қауымына Қадір түнінің берекесі мен шапағаты түсіндірілді. Жиналған жамағат әсерлі насихаттан тағылым алып, құлшылыққа деген ынталарын арттырды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: