Айша бибі ауылы "Айша бибі" мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев жиналған жамағатқа айт мерекесіне орай мешітте арнайы "Айт - мұсылманның атаулы мерекесі" тақырыбында уағыз- насихат айтып, жамағатқа мерекенің мән-маңызын кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында имам айттың мұсылмандар үшін үлкен рухани қуаныш пен бірліктің нышаны екеніне тоқталды. Сондай-ақ, бұл күндері бір-біріне кешіріммен қарап, реніштерді ұмытып, татуласудың маңыздылығы насихатталды.
Жамағатқа пітір садақа беріп, мұқтаж жандарға қол ұшын созудың сауабы мол екені айтылды. Сонымен қатар, ата-анаға құрмет көрсету, көрші-қолаңмен жақсы қарым-қатынаста болу туралы да тағылымды ойлар жеткізілді. Уағыз соңында барша мұсылман қауымына амандық, береке және ынтымақ тілеп, Айт мерекесімен құттықтау айтылды. Жиналған қауым уағыздан рухани әсер алып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

