ЖАМБЫЛ: АЙТТЫҚ ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ: АЙТТЫҚ ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса ауылы "Домалақ ана" мешіті және мешіт ауласында айт мерекесіне орай айттық тәттілер таратылды. Бұл шараның басты мақсаты – мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, жамағат арасында мейірімділік пен бауырмалдықты арттыру болды.

Ұйымдастырушылар арнайы дайындалған тәттілерді балаларға және келген тұрғындарға үлестіріп, олардың қуанышына ортақтасты. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер айттық сыйлықтарға ерекше риза болып, жүздерінен шаттық сезімі байқалды. Сонымен қатар, бұл игі іс адамдарды қайырымдылыққа шақырып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етті. Айт күндерінде осындай шараларды өткізу – халқымыздың дәстүрі мен ізгі құндылықтарының жалғасы болып табылады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: