ЖАМБЫЛ: ҚАДІР ТҮНІНДЕ ЖАС ҰРПАҚҚА ЖАРЫС БОЛДЫ

ЖАМБЫЛ: ҚАДІР ТҮНІНДЕ ЖАС ҰРПАҚҚА ЖАРЫС БОЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасөркен ауылы "Тұрыс" мешітінде қасиетті Қадір түнінде тағылымы мол рухани шара ұйымдастырылды. Мешіт имамы Бауыржан Досмухамбетов жас ұрпақ жамағатпен арнайы кездесу өткізіп, діни тақырыптарда сұрақ-жауап форматында насихат жүргізді.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға имам жан-жақты әрі түсінікті жауаптар берді. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген қатысушыларға ерекше құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, оларға "Мұсылмандық шарт" және "Мұсылмандық тұтқасы" кітаптары сыйлық ретінде табысталды.

Бұл игі бастама жамағаттың діни білімге деген қызығушылығын арттырып, имандылыққа баулуға ықпал етті. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастар мен ересектердің рухани дамуына серпін беріп, мешітпен байланысын нығайта түседі. Қадір түнінде өткен бұл кездесу қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, пайдалы әрі мазмұнды кеш ретінде есте қалды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: