Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінде Қадір түніне орай ерекше шара өтті. Бас имам Ержан Көшкімбай жамағатқа тағылымды уағыз айтып, Қадір түнінің қасиеті мен дұға, ізгі амалдардың маңызын түсіндірді.
Шара барысында мешіттің белсенді мүшелеріне алғыс білдіріліп, олардың еңбегі бағаланды. Сонымен қатар, елге ұзақ жылдар қызмет етіп, үлгі болып жүрген ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Көпшілік бұл сәтті жоғары бағалап, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

