Көркем мінездің ажырамас бөлігі – жомарттық. Құдіретті Жаратушы Алла Тағала Құран аяттарында мұсылмандарды жомарт болуға, игі істер жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Осы орайда Жамбыл ауылында орналасқан «Әл-Хафиз» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Талғат Таукеевтің ұйытқы болуымен және жомарт жандардың демеушілігімен 10 отбасыға азық-түлік көмегі табысталды. Қасиетті айда жасалған әрбір игі істің сауабы еселенері сөзсіз. Алла Тағала берілген садақалар мен жасалған жақсылықтарды қабыл етіп, берекесін арттырсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

