Қордай: «Кенен» мешітінің имамы әйел-қыздарға насихат айтты

Қордай: «Кенен» мешітінің имамы әйел-қыздарға насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) құдси хадисте оразаның Алла алдындағы орны ерекше екенін былай жеткізеді: «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: “Адам баласының барлық амалы өзіне тиесілі.

Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан оның сауабын Өзім беремін”, – деген». Осы орайда Кенен ауылында орналасқан «Кенен» мешітінде имам Саят Рахимов ауызашарға жиналған әйел-қыздар жамағатымен кездесті. Басқосу барысында нәзік жандыларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, тағылымы мол насихат айтты.

Жиын барысында оразаның мән-маңызы, рухани тәрбиесі және мұсылман әйелінің қоғамдағы орны жайлы айтылып, жамағатқа пайдалы кеңестер берілді. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды қабыл етіп, разылығына бөлейтін амалдардан болуын нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: