Тасөткел ауылдық мешітінде Айт мерекесіне орай балаларға арналған қуанышты сәт ұйымдастырылды. Мешіт тарапынан барлық балаларға мерекелік сыйлықтар табысталды.
Бұл шара балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлттық дәстүрді дәріптеу мен бір-біріне ізгі тілектер айтуға мүмкіндік берді. Балалар сыйлықтарын алып, қуанышқа бөленді және мерекенің маңыздылығын сезінді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

