Хақ Тағала Құран кәрімде: «Алланың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерінде сараңдық еткендер, бұны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Жоқ, бұл оларға жамандық әкеледі. Сараңдық еткен нәрселері қиямет күні олардың мойнына оралады.
Көктер мен жердің мұрасы Алланыкі. Алла тағала сендердің істегендеріңнен толық хабардар», – делінген. Қордай ауданы, Өтеген ауылы жамағаты мұқтаж 6 отбасыға 211500т қаржылай көмек көрсетті. Қасиетті айда жасалған жақсылықтар мен сауаптар еселенсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

