Қордай: «Рахман» мешітінде ауызашарда насихат айтылды

Қордай: «Рахман» мешітінде ауызашарда насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – күнәдан тазару, рухани жаңғыру айы. Алла Елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Ораза – қалқан. Пенде ораза ұстау арқылы тозақтан қорған табады», – деген.

Бұл хадистегі «қалқан» – сабыр мен шыдамдылық. Тағы бір хадисінде: «Ораза – сабырдың, ал сабыр – иманның жартысы», – деп, оразаның рухани тәрбиедегі маңызын айқындаған. Шынында да, ораза адамды сабырлы болуға, нәпсісін тыйып, жаман әдеттерден аулақ жүруге үйретеді.

Аштық пен шөлді сабырмен өткеру арқылы адам түрлі қиындықтарға төзімді болып, мінезін көркемдей түседі. Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылына қарасты «Рахман» мешітінде ауызашар барысында Зейне Жұмабайұлы жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар Рамазан айына қатысты сұрақтарға жауап беріліп, ғибратқа толы рухани отырыс өтті. Алла Тағала баршамызға иманды жүрек, салиқалы ұрпақ нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: