Қасиетті Рамазан айы - мейірім мен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің айы. Бұл айда әрбір мұсылман игі амалдарға ерекше көңіл бөліп, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тырысады. Жомарттық таныту - Рамазанның ең маңызды құндылықтарының бірі. Осы игі дәстүрді жалғастырып, "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омаров Абай қасиетті айда ерекше жомарттық танытты.
Мешіт атынан аз қамтылған екі отбасыға 60 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап, олардың жүрегіне үміт ұялатты.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі


21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

