Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Ораза ұстаушының екі қуанышы бар: ауыз ашқанда қуанады және Раббысымен қауышқанда ораза ұстағанына қуанады», – деген.
Осы орайда Қордай ауданындағы аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті Рамазан айы бойы ауызашар дастархандары ұйымдастырылып, рухани-танымдық шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, жамағатқа арналған уағыз-насихаттар айтылып, білім жетілдіруге бағытталған сұрақ-жауап айдары тұрақты түрде жүргізілді. Жамағат белсенді қатысып, рухани тұрғыдан мол пайдаға кенелді. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім мен ғибратты ғұмыр нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

