Ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы мешіт жамағатына қазақ қоғамында белең алып келе жатқан тәңіршілдік идеологиясы туралы кең көлемді уағыз насихатын айтып өтті.
Жалғасбай Дүйсенбайұлы насихат барысында осы ағымның ерекшеліктері мен қауіптіліктерін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, дін жолында дұрыс ұстанымның маңыздылығын атап көрсетті. Жамағат насихатқа қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында қатысушылардың арасында дінге деген саналы көзқарас қалыптасып, мешіт жамағатының рухани тәрбиесі нығайды. Уағыз қоғамда діни сауаттылықты арттыруға және жастарды дұрыс діни бағытқа баулуға бағытталған маңызды іс-шара ретінде бағаланды.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі


21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

