ТАЛАС: Дін мен дәстүрге беріктік - діни жат ағымдарға қарсы ең мықты иммунитет

ТАЛАС: Дін мен дәстүрге беріктік - діни жат ағымдарға қарсы ең мықты иммунитет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Асыл дініміз бен ата-бабадан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізге беріктік – бүгінгі қоғам үшін аса маңызды құндылықтардың бірі. Өйткені дәл осы рухани негіздеріміз бізді түрлі жат діни ағымдардың ықпалынан сақтайтын ең сенімді иммунитет болып табылады.

"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы жамағатпен кездесу барысында елімізде кездесетін кейбір діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Имам өз сөзінде әрбір мұсылман ең алдымен дінді дұрыс әрі сауатты түрде үйренуі керектігін, діни білімді тек сенімді дереккөздерден алу маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ахат имам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары дінімізбен астасып жатқанын айтып, сол мұраны сақтап, құрметтеу әр азаматтың міндеті екенін жеткізді. Осындай рухани тұтастық пен саналы көзқарас қана жастарды адасудан сақтап, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығы нығайа түседі деп сөзін түйіндеді.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: