Рамазан – сауапқа толы, мол мүмкіндіктерге жол ашатын, рухани жаңғыру мен тазару айы. Алла Елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) хадисінде: «Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстаған адамның сауабындай сауап беріледі.
Бұдан ораза ұстаушының сауабы еш кемімейді», – деген. Осы орайда Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінде ауызашар дастарханы жайылып, жамағат бас қосты. Мешіт имамы Серік Рахимбаев жиналған көпшілікке «Рамазан айының қадір-қасиеті» туралы тағылымды насихат айтты.
Жамағат рухани азық алып, бірлік пен бауырмалдықты нығайтқан игі шараға куә болды. Алла Тағала баршамызды Өзіне жақын, дұғалары қабыл болған құлдарынан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


26 Наурыз 2026
7 Шавваль 1447

