Рамазан айының құрметіне “тегін автобус” акциясы ұйымдастырылды Қасиетті Рамазан айына орай, Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет мешіт жамағаты үшін тарауих намазына келіп-кетуін жеңілдету мақсатында Рамазан бойы жалғасатын “тегін автобус” акциясын ұйымдастырды.
Жамағат акцияға қуана қатысып, имамға өз ризашылығын білдірді. Шара мешіт жамағатының намазға қатысуын жеңілдетіп қана қоймай, қоғамдағы бірлікті нығайтуға, әсіресе жастар мен қарттарды діни өмірге тартуға үлес қосқан маңызды іс-шараға айналды.
Мешіт қариялары бұл бастаманың игі дәстүрге айналуын құптап, мешіт қызметкерлерінің қамқорлығын жоғары бағалап, ақ батасын берді. Байтоқты баба мешітінің баспасөз қызметі.


21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

