Қордай: Айлардың сұлтаны – Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасуда

Қордай: Айлардың сұлтаны – Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Жеті түрлі адамға Алла Тағала ешбір сая жоқ күні саясынан жай береді.

Солардың бірі – оң қолының бергенін сол қолы көрмейтіндей, садақаны жасырын берген адам». Осы хадиске сәйкес, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Барыс мөлтек ауданындағы «Нұрислам» мешітінде Рамазан айында игі іс-шара ұйымдастырылды. Мешіт имамы Зейне Жұмабайұлының ұйымдастыруымен және қайырымды жандардың қолдауымен 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Шараға жұмсалған жалпы қаражат көлемі 200 000 теңгені құрады. Бұл іс-шара арқылы мұқтаж жандарға қол ұшын беру, жомарттық пен мейірімділікті дәріптеу, сондай-ақ қасиетті Рамазан айының берекесін арттыру мақсат етілді. Алла қабыл алған амалдардан болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: