Қордай: Қасиетті айдың қадір-қасиеті жайлы насихат айтылды

Қордай: Қасиетті айдың қадір-қасиеті жайлы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы – жүректің күш-қуат алу, рухани әсерлену кезеңі деп түсіндірілген. Өйткені осы айда жүрек, күннің ыстығынан жылу алғандай, уағыздар мен терең ой-пікірлерден рухани толқыныс алады. Ораза – Ислам дініндегі негізгі рүкіндердің бірі. Ол самауи діндерден жалғасып келе жатқан құлшылық түрі болып табылады және адамның рухани, физикалық, денсаулық жағынан пайдасын тигізеді.

Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылы, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ «Рахман» мешіті асханасында ауызашар кезінде ауыл тұрғындарына уағыз-насихат жүргізді. Насихат барысында қасиетті Рамазан айының мәні мен маңыздылығы, оразаның сауабы және жамағаттың бір-біріне мейірімділік көрсетуі туралы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар тұрғындарға қасиетті айда игі амал жасау, мұқтаждарға қол ұшын беру және діни тәрбиені жетілдіру жайында маңызды мәліметтер берілді. Рамазан айындағы дұғалар, амалдар, ниеттер қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: