Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Әр күні, Алланың құлдары оянғанда, көктен екі періште түсіп, оладың бірі: «Уа, Алла, дүниесін сауапты істерге жұмсағандардың дүниесін толықтыр!» – десе, екіншісі: «Уа, Алла, сараңның ісін опат қыл!» – дейді».
Осы хадисті ескере отырып, Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Әл-Хафиз» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараны мешіт имамы Таукеев Талғат жүргізіп, 5 отбасыға көмек көрсетілді.
Жалпы көрсетілген көмек көлемі 60 000 теңгені құрады. Бұл шара арқылы мұқтаж жандарға қолдау көрсету, Рамазан айының берекесін арттыру және жомарттық қасиетін насихаттау мақсат етілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

