Қордай: Рамазан айында зиярат ұйымдастырылды

Қордай: Рамазан айында зиярат ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Умму Умара әл-Ансария (оған Алла разы болсын) былай деді: «Бірде маған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кіргенде, оған ас ұсындым. Ол кісі: «Сен де ал (же)», – деді. Мен: «Оразамын», – дедім. Сонда Алла Елшісі: «Расында, періштелер ораза ұстаушының үйінде басқалар тамақ жегенде, олар тамақ жеп болғанша немесе тойынғанша ораза ұстаушыға игілік тілейді» деген.

Осы орайда Қордай ауданы, «Әл-Хафиз» мешітінің имамы Таукеев Талғат жамағатымен бірге ауылының ауырған қариясына зиярат жасап, хал-жағдайын білді. Имам Таукеев Талғат зиярат барысында қарияға көңіл бөліп, Рамазан айының берекесі мен дұға-құран оқудың маңыздылығын атап өтті. Бұл іс-шара жамағат арасында мейірімділік пен қамқорлықты арттыруға бағытталған.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: